ҰБТ 2026

Қаңтар айындағы ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысу үшін шамамен 187 мың адам өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше:

  • 75,2% тестілеуді қазақ тілінде;
  • 24,6% орыс тілінде;
  • 189 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған.

Өтініш беру барысында талапкерлер тестілеу күні, уақыты мен пунктін өздері таңдады.

Профильдік пәндердің ең көп таңдалған комбинациялары:

  • «Математика – Физика» — 19,2% (болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер, технологтар, энергетиктер мен құрылысшылар);
  • «Биология – Химия» — 16,9% (болашақ медицина мамандары);
  • «Шығармашылық емтихан» — 9,7% (шығармашылық сала өкілдері).

ҰБТ кезінде тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады:

  • калькулятор;
  • химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі);
  • тұздардың ерігіштік кестесі.

Апелляцияға өтінішті талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестілеушінің сертификаты апелляциялық комиссия шешім қабылдағаннан кейін жеке кабинетінде қолжетімді болады.

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады.

Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдау бойынша екі профильдік пәнді тапсырады. Тапсырмалар саны — 120.

  • 20 тапсырма — «Қазақстан тарихы»;
  • 10 тапсырма — «Оқу сауаттылығы»;
  • 10 тапсырма — «Математикалық сауаттылық»;
  • әр профильдік пәннен 40 тапсырмадан.

ҰБТ-ның ең жоғары мүмкін нәтижесі — 140 балл.

Тестілеу уақыты — 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысушылар:

  • шартты түрде ақылы негізде ЖОО-ға қабылданған тұлғалар;
  • шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер;
  • педагогикалық бағыттарға ақылы негізде ауысуды қалайтындар;
  • өткен жылдардағы мектеп және колледж түлектері;
  • ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері;
  • шетелде білім алған ҚР азаматтары;
  • мектептің бітіруші сынып оқушылары (ақылы негізде).
Название Скачать
1 Расписание на 22-23-2 смена
2 Расписание на 22-23-1 смена