«Бөбектер мектебі» — оқуға бастар алғашқы қадам
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №30 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2024–2025 оқу жылының жазғы кезеңінде бірінші сыныпқа даярлауға арналған «Бөбектер мектебі» жазғы мектебі өз жұмысын жүргізді.
Сабақтарға 5–6 жастағы балалар бір ай бойы қатысты. Сабақтардың ұзақтығы 25–30 минутты құрады.
Балаларды мектепке көп жылдық бастауыш сыныптарда жұмыс тәжірибесі бар мұғалім Зачинова Татьяна Федоровна дайындады. Сабақтар заманауи технологияларды, белсенді жұмыс түрлері мен әдістерін қолдана отырып, қызықты ойын түрінде өткізілді.
Ата-аналар да бұл үдерістен тыс қалмады: олармен әңгімелер мен кеңестер жүргізілді. Балалар барлық іс-шаралар мен сабақтарға үлкен ықыласпен қатысты.
Бір айға созылған жазғы мектепке даярлық өз міндетін сәтті орындап, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жалпы мектепке деген оң көзқарас қалыптастырды.
| № | Название | Скачать |
|---|---|---|
| 1 | Бұйрық Жазгы мектеп |






