№30 жалпы білім беретін мектепте «Жас оқырман» жобасы аясында, Тәуелсіздік күні қарсаңында, 7 «Б» сынып оқушылары арасында «Туған жерді танып, біл!» атты квест-ойын өткізілді. Іс-шара «Самұрық құстың сиқырлы қауырсыны» кітабы негізінде ұйымдастырылды. «Самұрық құстың сиқырлы қауырсыны» — Қазақстанның киелі географиясы туралы қызықты әрі танымдық кітап.
Сиқырлы Самұрық құспен бірге оқушылар Қазақстанның киелі орындарына саяхат жасап, көне жәдігерлер мен табиғи ғажайыптар туралы мағлұмат алды. Оқушылар үшін бұл іс-шара өте қызықты, тартымды және танымдық мәні зор болды.