Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2026 жылғы 19 қаңтары 9-сынып оқушыларының Қостанай қаласындағы Қостанай политехникалық жоғары колледжінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Шараның мақсаты – оқушыларды оқу орнымен, даярлау бағыттарымен, оқуға түсу шарттарымен және болашақ мамандықтың мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Колледж өкілдері ұсынылатын мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесу соңында 9-сынып оқушылары толық мәлімет қамтылған буклеттер алып, QR-код арқылы сауалнама толтырды.