ҚР ІІМ академиясының өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі

2026 жылғы 9 ақпанда 11-сынып оқушыларымен Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің тақырыбы Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесіндегі жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша кәсіби бағдар беру болды.

Іс-шара барысында оқушылар іріктеу талаптары, талапкерлерге қойылатын шарттар, оқу үдерісінің ерекшеліктері және ішкі істер органдарында қызмет етудің болашақ мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.

Кездесу танымдық әрі мазмұнды өтті және оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.