Қостанай жоғары медициналық колледжіне кәсіби бағдар беру экскурсиясы

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 2026 жылғы 10 ақпанда №30 орта мектебінің 9-сынып оқушылары Қостанай жоғары медициналық колледжіне экскурсиямен барды.

Экскурсия колледждің кітапханасы мен музейін аралаудан басталды. Оқушылар оқу орнының тарихымен және болашақ медицина мамандарын даярлау бағыттарымен танысты.

Экскурсия барысында оқушыларға арнайы жабдықталған оқу кабинеттері көрсетілді: педиатрия, хирургия, зертханалар, фармация, тіс технигі, акушерлік және гинекология, мейірбике ісі кабинеттері, сондай-ақ симуляциялық орталық және басқа да профильдік аудиториялар.

Оқушылар экскурсиядан жағымды әсер алып, медицина мамандықтарына үлкен қызығушылық танытты және колледждің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін жоғары бағалады.

№30 орта мектебінің 9-сынып оқушыларының Қостанай жоғары медициналық колледжіне экскурсиясы