Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2026 жылғы 4 наурызда №30 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары Қостанай құрылыс колледжіне барып, «Архитектуралық старт» атты воркшопқа қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар сәулетші мамандығының ерекшеліктерімен танысып, құрылыс және жобалау саласындағы заманауи бағыттар туралы мәлімет алды. Сонымен қатар өздерін болашақ маман ретінде сынап көруге мүмкіндік алды.
Қатысушылар топтарға бөлініп, әртүрлі стильде үй жобаларын дайындады: фантастикалық, заманауи және ұлттық стильде. Әр топ өз идеялары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ерекше жобалар ұсынды. Жұмыс соңында топтар өз жобаларын таныстырып, оның ерекшеліктері мен тұжырымдамасы туралы айтып берді.
Іс-шара жылы, достық және ынталандырушы атмосферада өтті. Воркшоп соңында қатысушыларға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Оқушылар сәулетші мамандығы туралы көптеген пайдалы ақпарат алып, жарқын әсерлерге бөленді және іс-шарадан үлкен қанағаттану сезімін алды.






