17 наурыз күні №30 жалпы білім беретін мектепте «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Оқитын педагог» номинациясы бойынша онлайн форматта (тестілеу түрінде) байқау өткізілді. Байқау барысында қатысушылар оқыған шығармалары бойынша білімдерін көрсетті.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік үш педагог анықталды:
1 орын — Бурков И.С.;
2 орын — Кресс Е.И.;
3 орын — Агакишиева Т.Т.
Қатысушылар жоғары кәсіби деңгейін, шығармашылық көзқарасын және кітап оқуға деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті.