2026 жылғы 31 наурызда 9-сынып оқушылары Қостанай жоғары педагогикалық колледжіне барды. Экскурсияның мақсаты – оқушыларды сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және олардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесу болды. Экскурсия барысында оқушыларға оқу бағыттары, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы мәлімет берілді. Колледж оқытушылары оқу кабинеттерін аралатып, таныстыру жұмыстарын жүргізді. Экскурсия оқушыларға жақсы әсер қалдырды.